429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда көпқабатты үйді егеуқұйрықтар жайлап алған         

  • 142
  • UPD: 23:03, 09.04.2021
Теміртауда көпқабатты үйді егеуқұйрықтар жайлап алған         

Теміртау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірін егеуқұйрықтар жайлап алған.

Себебі үйдің қоқыс құбыры шұрық-тесік. Ал оны мүлде жауып тастауға тұрғындардың жартысы қарсы шыққан. Енді не істерін білмей дал болып отырған тұрғындар күн жылына зиянкестер тіптен көбейіп кете ме деп алаңдаулы.

Санат Пірімбетова, пәтер иелері кооперативінің төрайымы:

– Егеуқұйрықтар өте ақылды. Бір жақты улап жатса, тағы бір жақтан қаптап шығады. Тұрғындармен өткізген жиында тең жартысы қоқыс құбырын жабуға қарсы. Біз апта сайын улаймыз. Бірақ нәтиже жоқ.

Хабар 24 телеарнасы