Елдегі колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңарып келеді

«Жас маман» жобасының негізгі мақсаты - сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғарғы оқу орнын жаңғырту.

Мысалы, Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі жобаның игілігін көрді. Оқу орнының барлық дәріс кабинетіндегі техникалар түгел жаңартылды.

Тұрарбек Шарипов, Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі директорының орынбасары:

- «Жас маман» жобасы бойынша алынған жабдықтарымызды барлығы энергетика саласы мен мехатроника, яғни автоматика саласына негізделген. Осы екі мамандық бойынша біз өзіміздің базамызды әлде қайда жоғары деңгейде жаңартып алдық.