СҚО фермерлері мал азығын гидропоника әдісімен әзірлеуді бастады

Солтүстік қазақстандық фермер гидропоника әдісімен мал азығын дайындай бастады. Марат Шәпенов арпа тұқымын топырақсыз өсіріп, экологиялық табиғи таза өнім алады. Бұл сиырлардың күйін жақсартып, сүттің өнімділігін арттырды.

Дәуіт ауылының тұрғыны Махаббат Оралова арпа тұқымынан құнарлы мал азығын дайындап жатыр. Гидропоника дегеніміз осы - дәнді топырақсыз өсіріп шығару.

Махаббат Оралова, гидропоника қондырғысының операторы:

- Арпа дәндерін бір күнге суға батырып қоямыз. Оған ас содасы мен әк қосылады. Ол бактериядан қорғайды. Сосын барып ыдыстарға саламыз.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Осындай ыдыстарға салынған арпа небәрі 7 күннің ішінде жап-жасыл шөп болып шығады. Оның тамырында протеин пайда болады. Бұл малға нағыз дәрумен. Деликатес деуге болады.

- Міне ячменьді отырғызғасын мынау латоктарды бәрін дезинфекцидан өткіземіз. Міне тамыр жүйені қараңыз, Бәрі жақсы. Бір ауру жоқ. Грибок болмайды.

Солтүстік Қазақстан облысында гиропониканы мал шаруашылығына бірінші болып енгізген Марат Шәпенов. Осындай ортада өскен өсімдік қоректік заттарды тамырына түгел сіңіреді.

Марат Шәпенов, шаруашылық басшысы:

- 1 тонна ячменнен біз 8 - 8,5 тонна зеленый корм аламыз. Бір күнде мынау гидропоникадан 4 тонна аламыз. Айына 120 тонна зеленый корм аламыз. Енді ол удойды көтереді. Жаңағы малдардың ішкі құрылысына да жақсы. Мынау жоғары протеин. 

Құнарлы өнім шаруашылықтағы 1 мың 200 сиырға беріледі. «Мал азығының пайдасы орасан зор», - дейді фермер. Ол тағы бір экологиялық жобаны қолға алды. Қазір мұнда үлкен көкөніс жылыжайы салынып жатыр.

Авторлар: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев