Елімізде ауылдарды дамыту комитеті құрылуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі арнайы комитет құрған жөн.

Бүгін Жер комиссиясының мүшелері осындай бастама көтерді. Олардың айтуынша, ауылдағы жағдай мәз емес. Жұмыссыздық көбейіп, инфрақұрылымдық мәселелер шешімін таппай келеді. Сондықтан арнайы «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасын қабылдап, комитет құру ұсынылды. Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, Канада, Австралия, Ресей, Беларусь және тағы басқа аграрлық елдерде ауылдық аумақтар мәселесін Ауыл шаруашылығы министрлігі реттейді. «Себебі, аграрлық өндіріс пен ауылдық аумақтарды дамыту біртұтас дүние», - дейді комиссия мүшелері.