429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда «Enbek Navigator» қызметі іске қосылды

  • 101
  • UPD: 08:33, 11.04.2021
Павлодарда «Enbek Navigator» қызметі іске қосылды

Павлодарда еңбек саласында жұмысшылардың құқықтарын қорғауды оңтайландарытын «Enbek Navigator» қызметі іске қосылды.

Бұл өндірістік ошақ қызметкерлерінің өз құқығын қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа онлайн платформада еңбек заңнамасы туралы ақпарат, инспекторлардың кеңестері, тіпті, жұмыс берушіге шағымдануға арналған формалар орналастырылған. Яғни, онлайн көмекші құжаттарды дұрыс рәсімдеуге қолғабыс жасамақ. Бұл сайтта еңбек заңнамасын жиі бұзып, жұмысшылардың құқықтарын сақтамайтын салғырт кәсіпорындардың тізімі де бар. Жаңашылдық республика деңгейінде қолдау тапты. Жаңа сервисті жергілікті университеттің айти-мамандары әзірлеген.

Асқар Қапанов, облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы:

- Еңбек қарым-қатынастарына қатысты бар ақпарат қамтылған. Кез келген жұмысшы өз құқықтарының бұзылғанын шұғыл хабарлай алады. Барлық мәселелер орталықтандырылған негізде шешіледі. Инспекторлардың да жұмысы жеңілдейді.

Дария Әбікенова, IT-HAB директоры:

- Жобаға техникалық қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз. Қазіргі уақытта сайтты бірнеше тілге аударып жатырмыз. Жүйе кез келген смартфонда ашылады.

Хабар 24 телеарнасы