425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

  • 311
  • UPD: 14:38, 11.04.2021
Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды РИА Новости

Өскемен қаласында әуе қатынасы бір айға тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өскемен әуежайы» АҚ мәліметіне сүйенсек, 1 мамырдан 31 тамызға дейінгі аралықта әуежайдың жасанды ұшу жолағында жұмыстар жүргізу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған. Осыған байланысты 1 айға авиақатынас тоқтатылады. Барлық рейстер уақытша Семей қаласына ауыстырылады. «Ал 2021 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында АН-24 әуе кемелерімен топырақты ұшып-қону жолағынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Зайсан қалалары мен Үржар ауданына рейстерді орындау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы