429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев Үндістанға ресми сапармен барды

  • 216
  • UPD: 15:43, 11.04.2021
ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев Үндістанға ресми сапармен барды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Үндістан қорғаныс министрі Раджнат Сингхпен кездесті. 

Кездесуде тараптар бітімгерлік, жауынгерлік даярлық, киберқауіпсіздік, әскери білім мен ғылым саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ  Ермекбаев Үндістан Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалмен кездесу өткізді. Олар өңірлік және жаһандық қауіпсіздік, лаңкестікке, коронавирустық инфекция пандемиясына қарсы іс-қимыл жайында пікір алмасты. Бұдан бөлек сапар аясында отандық делегация Үндістандағы бірқатар әскери бөлімді аралап, жауынгерлік даярлықтың, тактикалық іс-қимылдың ерекшеліктерімен танысты.

Хабар 24 телеарнасы