Ақтөбеге вакцинаның ірі көлемдегі партиясы жеткізілді

Ақтөбе облысына коронавирусқа қарсы вакцинаның 20 мың дозасы жеткізіліп, емханаларға таратылып жатыр. Бұған дейін өңірге мұнша ірі көлемде екпе келген емес. Сондықтан өтініш білдірген тұрғындардың да авкцина алуға мүмкіндігі бар.

Ал екпе жүріп жатқан медицина мекемелерінің тізімін әлеуметтік желілерден де көруге болады. Олардың арасында шалғайдағы емханалар да бар. Айта кетейік, қауіпті дертке қарсы вакцина салдырғысы келетін ақтөбеліктердің қатары арта түскен. Тіпті кейбір ұйымда бұрын бөлінген препараттың жартысынан астамы салынып болған.

Бекболат Ізбасаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі кезде ешқандай тапшылық жоқ. Егер де «аламын» деген адамдарға барып, өзінің мекен-жайы бойынша емханаларыңызға барып сол вакцинаны алуға болады. Осы күнге дейін барлығы 10 819 адам  егілді. Оның ішінде екінші компанент 4242 адам егу алды.