427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысының Құндызды өзенінде су деңгейі төмендеді

  • 143
  • UPD: 22:03, 11.04.2021
Қарағанды облысының Құндызды өзенінде су деңгейі төмендеді

Құндызды өзенінде су деңгейі төмендеді. Қарағанды облысы Нұра ауданының маңында кеше су тасып, маңайындағы елді мекендерге қауіп төндірген еді.

Қазір жағдай тұрақталған.

«Өңірге қауіп төніп тұрған жоқ» деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаменті. Өзеннің кей тұсын мұз жауып жатқандықтан су деңгейі көтерілгенге ұқсайды. Мамандар 5 учаскеде мұз қабатын жару жұмыстарын жүргізген. Қазір уақытша жабылған Нұр-Сұлтан-Нұра-Теміртау автожолы қайтадан ашылды. Бұл туралы департамент өкілдері хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы