429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да 680 мың гектар жайылым жетіспейді

  • 94
  • UPD: 08:21, 12.04.2021

Солтүстік Қазақстан облысында мал бағатын жер тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының есебі бойынша қазіргі таңда 680 мың гектар жайылым жетіспейді. Бұл мәселе қалай шешіледі? Шалғайдағы тұрғындармен арна тілшісі тілдесіп қайтты.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы жалғастырады.

- Бұл – 150 түтіні бар Қызылту ауылы. Елді мекенде егін және мал шаруашылығымен 30 шаруа қожалығы айналысады. Жайылым жерлердің негізгі үлесі соларда. Ал, қарапайым халықтың төрт түлігі кең далаға сыймай жүр.

Қызылту ауылының тұрғындары 2 мыңға жуық қой, сиыр, жылқы ұстайды. Ел-жұрт қыстан енді ғана шығып, төрт түлігін өріске шығара бастады. Бірақ оларға жайылым жер жетпейді.

Шоқан Зиядин, Қызылту ауылының тұрғыны:

- Жайылым жерлер болса, адамдар көбірек мал ұстайтын еді. Қазір 3-4 бастан асырмайды. Оның өзі егінге түсіп кетсе, айыппұл салынады. Сондықтан бұл біз үшін өзекті мәселе.

Бұл бір ғана Қызылтудың жағдайы емес. Солтүстік Қазақстан облысында 680 мың гектар жайылым жер жетіспейді. Жергілікті билік өкілдері игерілмей жатқандарын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен, Ақжар ауданында сот арқылы 10 мың гектары тәркіленді.

Ренат Әбілдин, Ақжар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

- Қазан ауылына бізде 2,5 мың гектар жер жетіспейді елдің малын бағу үшін. Нағыз сол елдің қасында болған соң сол Қазан ауылына қосамыз. Және Қызылту ауылына 1,5 гектар жетпейді. 1,5 мың гектар. Оны 1,5 мыңды сол Қызылту ауылына елді мекендер санатына аударамыз.

Ақжар ауданында жыл соңына дейін тағы да 37 мың гектар жер қайтарылады. Сонда мал бағатын жер мәселесі түбегейлі шешілмек.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

 

Хабар 24 телеарнасы