429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Nur Otan өңірлердегі вакциналауды өз бақылауына алады

  • 99
  • UPD: 11:53, 12.04.2021
Nur Otan өңірлердегі вакциналауды өз бақылауына алады nurotan.kz

Тұрғындарға COVID-19-ға қарсы екпе салу және вакциналарды аймақтарға бөлу Nur Otan партиясының бақылауына алынады.

Бұл туралы Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдастырушылық отырысында белгілі болды. Жиында жаңа құрам бекітіліп, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары анықталды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірлердегі партиялық бақылау комитеті мен комиссияларының бірінші кезектегі міндеті – электоралдық міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету.

Сондай-ақ өзекті бағыттардың қатарында мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштеріне тиянақты қарап, сапалы жұмыс істеуіне, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу сияқты тағы да басқа мәселелер бар.

Партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің де жұмыс кестесі мен жаңа құрамы бірінші отырыста бекітілді.

«Сыбайлас жемқорлық – бұл пара беру мен пара алу ғана емес. Өз міндеттеріне немқұрайлы қарау және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау да соның көрінісі. Онымен барлық шараларды қолдана отырып күресуіміз қажет», – деді Ерлан Саиров.

Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірген қоғам қайраткерлері мен журналистердің тізімімен мына сілтеме арқылы таныс болыңыздар.

Хабар 24 телеарнасы