Байқоңырда Ғарышкерлер күні кеңінен атап өтіліп жатыр

Бүгін адамзат баласының көк сеңгірге алғаш самғағанына тура 60 жыл толып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

1961 жылдың 12 сәуірінде «Восток-1» кемесімен аспанға көтерілген Кеңес Одағының ғарышкері Юрий Гагарин «Байқоңыр» айлағынан жерді айнала ұшқан болатын. Жылына шамамен 15 шақты зымыран ұшырылатын айлақта эпидахуал тұрақты. Сондықтан мерейтой кеңінен атап өтіліп жатыр.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Байқоңырдағы мерекелік шаралар тізбегі 9 сәуірде «СОЮЗ МС-18» басқарылатын зымыранының ұшуымен басталды. Одан кейін жеңіл атлеттер мен велошабандоздар Гагариндік ұшу алаңынан қаланың орталық алаңына дейінгі 34 шақырымдық марафонды бағындырды. Жалпы қаладағы 31 спорт федерациясы да мерейтойға барынша атсалысып жатыр.

Қазір мінекей, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары Юрий Гагариннің 4 метрлік ескерткішіне жиналу үстінде. Өйткені ғарышкерлер күні дәстүр бойынша монументке гүл шоқтарын қоюдан басталады. Мерекелік шеру одан әрі алғаш ұшқан ғарыш кемесін құрастырған Сергей Королевтің ескерткішіне жылжиды. Бүгін жалпы Байқоңырдағы барлық кинотеатр, музей, сурет галереяларында 1955 жылы іргесі қаланған космодромның тарихы кеңінен таныстырылады.

Бірер минуттан соң оқушылар арасында гагариндік эстафета басталады. Жалпы кешелі-бүгін өтіп жатқан волейбол, бильярд, жүзу жарыстарының жеңімпаздары кешке орталық алаңда өтетін мерекелік концерт барысында марапатталады. Жергілікті өнерпаздардың әншашуы фейерверктер шеруіне ұласып, жұлдызды қалашық аспаны отшашумен көмкерілмек.

Сондай-ақ...