424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырау мен Жамбыл облыстарында азық-түлік қымбаттап кетті

  • 327
  • UPD: 14:18, 12.04.2021
Атырау мен Жамбыл облыстарында азық-түлік қымбаттап кетті

Атырау мен Жамбыл облыстарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттап кетті.

Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов айтты. Вице-премьер қос облыстағы әкімдердің бағаға жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жариялауды сұрады. Оның бұл ұсынысын Үкімет басшысы қолдады. Жалпы алғашқы тоқсанда мемлекеттік бюджетке кіріс шамалы өскен. Оған жергілікті бюджеттерге кірістің ұлғаюы оң әсер етіпті. Осыған орай вице-премьер өңірлердегі кейбір проблемаларды жергілікті бюджет есебінен шешу қажеттігін айтты. «Бюджет қаржысын игеру қарқыны жаман емес. Жергілікті мемлекеттік органдар осы қарқынды ұстап тұруы керек», -деді Әлихан Смаилов.

Хабар 24 телеарнасы