Алексей Цой: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейі төмен

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейі төмен.

Диспансерлік топтағы пациенттерді бақылауға алу мен жанама ауруларын емдеуде кемшілік көп. Ал, халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Оның сөзінше, министрлік өкілдері өңірлерде тексеру жүргізіп, осындай жәйттарды анықтаған. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармаларына нақты тапсырмалар берілген. Медициналық-санитарлық көмек деңгейінің төмендеуі салдарынан инфекциялық стационарларда орын тапшы болуы мүмкін. «Сондықтан вирус жұқтырғандарды амбулаторлық емдеуге тұрақты мониторинг жүргізіп, жедел бригадалар жұмысын жандандыру керек», - дейді министр.