Соңғы бес жылда қару-жарақ қолданып жасалған қылмыс саны 50%-ке азайды

Соңғы бес жылда қару-жарақ қолданып жасалған қылмыс саны 50%-ке азайды

Соңғы бес жылда қару-жарақ қолданып жасалған қылмыс саны 50%-ке азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл – заңсыз қару-жарақ тапсыру акциясының арқасы», - дейді Ішкі істер министрлігінің өкілдері. 2008 жылдан бері Қазақстан азаматтары 1,7 миллиард теңгенің 53 мың қаруын мемлекетке сатқан. Оған қоса, 2 миллионнан астам оқ-дәрі тапсырылыпты. Биыл бұл акция сәуірдің 20-сында басталады. Қару-жарақты халықтан сатып алу үшін бюджеттен 95 миллион теңге бөлінген. Сыйақы көлемі 30 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Іс-шараға қатысушылар әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылмайтынын айтып кету керек.