Шымкент тұрғыны өзге біреудің автотұрақта тұрған көлігін айдап кеткен

2021 жылдың 10 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 арнасы арқылы жергілікті жердің 25 жастағы тұрғыны арызданды.

Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше. ол өз арызында белгісіз тұлға қаладағы автотұрақтардың бірінде тұрған құны 8 млн теңге тұратын Toyota Camry 50 маркалы автокөлігін құқыққа сыйымсыз басқарып, басқа ғимараттың алдына айдап алып барып қойғанын көрсеткен.

Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жедел басқару орталығының бейнекамерасы арқылы Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.