429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалықта ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті орталықтар ашылды

  • 121
  • UPD: 16:16, 12.04.2021
Арқалықта ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті орталықтар ашылды

ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастамашылық еткен Игі істер марафоны аясында Арқалықта психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды.

Қостанай облысы білім басқармасының мәліметінше, Арқалық қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 560-тан астам бала тұрады, оның ішінде 118 бала мүгедек. Сонымен қатар бүгінгі таңда ерекше бала мамандардың тегін көмегін ала алатын арнайы ұйымдардың желісі жеткіліксіз. Арқалық қаласының өзінде 376 бала арнайы мамандардың кәсіби көмегіне мұқтаж.

Мамандардың уақтылы және білікті кеңестері мен көмегі өмірді жақсы жаққа өзгерте алады және кез келген баланың, әсіресе мүмкіндігі шектеулі баланың лайықты және табысты болашағына мүмкіндік береді.

«Жаңа ППТК қажетті заманауи жабдықтармен жарақталған: емдік дене шынықтырумен айналысуға арналған кешендер, Монтессори бөлмесі, дидактикалық және көрнекі материалдар, дамытушы және әдістемелік әдебиеттер, сондай-ақ баланың дамуына кешенді бағалау жүргізуге және өткізілетін сабақтардың тиімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету», - дейді «Дара» қорының өкілі Сәуле Бексұлтанова.

Орталықта дефектолог, психолог, логопед, тифлопедагог, ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог сияқты мамандар жұмыс істейді.

«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қызметі тегін көрсетіледі. Түзету көмегі курсы 3 айдан бір жылға дейін созылады, қажет болған жағдайда курсты ұзартуға болады. Мұндай кабинет жылына ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150 балаға қызмет көрсете алады», - деп атап өтті «Қазпочта» АҚ өкілі – Арқалық қаласы пошта байланысы торабының бастығы Ұлан Жанзақов.

Сонымен қатар дәл осы күні А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы базасында Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы да ашылды. Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы – бұл оқу процесінде инклюзия қағидаттарын іске асыруда мұғалімдерге көмек көрсету және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сыныпта және мектепте кедергісіз орта қалыптастыру үшін құрылған мектеп кеңістігінің бір бөлігі.

Хабар 24 телеарнасы