Елордадағы Нұр-Әлем музейі несімен қызық?

1961 жылы Юрий Гагарин «Шығыс-1» ғарыш кемесімен қазақ жерінен көкке көтерілді.

Ғаламшарды айналып, 1 сағат 48 минуттан соң Жерге қайта қонды. Осы сәттен бастап ұшқыш-ғарышкердің есімімен қатар Байқоңыр ғарыш айлағының атауы да тарихта алтын әріптермен жазылды.

Сырға толы ғалам, ашылмаған ғаламшарлар, аспан денелері, жұлдыздар шоғыры, галактикалар, қара құрдым мен бөгде өркениет туралы теориялар. Бір сөзбен айтқанда – ғарыш. Және ол біз ойлағандай алыста емес. Мәселен, Айға ұшқыңыз келсе, елордадағы Нұр-Әлем музейіне келіңіз. Қиял-ғажайып әлемін алып сфераның 7 және 8-қабатынан табасыз.

Мирлан Алтынбек, тілші:

– «Ғарыш энергиясы» қабаты 6 секциядан тұрады. Олар: Планетарий, Ғаламның панорамалық суреті, Ғарышты тунельдік зерттеу, Ай үстіндегі үй, Айдағы серуен және Халықаралық ғарыш станциясы. Біз қазір соңғы аталған секциядамыз. Мұнда станцияның хронологиясы келтірілген. Мәселен, бірі білсе, бірі білмес. 2024 жылы яғни 3 жылдан кейін Халықаралық ғарыш станциясының жұмысы тоқтатуы мүмкін.

Музей қызметкерлерінің айтуынша, бұл жерге күн сайын 200-ге жуық мейман келеді. Және келушілер дәл осы «Ғарыш энергиясы» экспонаттары орналасқан қабатта кідіріп қалады екен.

Жүнісбек Қалиев, музей қызметкері:

– Біз шетелден келген делегацияларға экскурсиялар өткіземіз. Олар келген кезде біз санитарлық нормаларды сақтап, бетперде киіп, ара қашықтықты сақтаймыз. Елімізден сл тұрғындар келеді. Келушілерге біз экскурсия өткіземіз. Қазіргі уақытта біз өз жұмысымызды тоқтатпадық. Бірақ санитарлық нормаларға сай өз жұмысымызды жүргіземіз.

Ғарышта киген скафандр, ғарышкерлер тұтынатын пасталар, тіпті арнайы кофеқайнатқыш та бар. Ал елордадағы оқушылар сарайында космонавтика саласын ойын форматында зерттеуге мүмкіндік жасалған. Обсерватория мен планетарийдің өзін айтсақ жетіп жатыр. Күмбезінің диаметрі – 16 метр.

Медет Қожамжаров, оқушылар сарайы директорының орынбасары:

– Обсерватория тек балаларға ғана қызық емес. Ол бізге де қызық. Арасында барып, мұғалімдер де сұранысымен жақын қарауға өтінім береміз. Өздеріңіз білетіндей, қазір карантин уақыты, бұрын балалар саны көп болатын. Қазір әр топта 10 ақ бала оқиды. Соғаен қарамастан біздің педагогтар сабақтарын жүргізуде.

Ал бұл – нағыз жәдігер. Қазақтан шыққан үшінші ғарышкер Айдын Айымбетовтың орбитаға апарған туы. Сонымен қатар бұл жерде жұлдызды аспан картасы мен Ай макетін көруге болады.

Таяуда Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына ұшқан «Союз МС-18» ғарыш кемесіне Юрий Гагариннің есімі берілді. Ұшу барысы онлайн көрсетілді.

Ал өткен аптада Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров елімізге жасаған жұмыс сапарында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен еді. Сонда ресейлік дипломат ғарышты бейбіт игеруде екі елдің қосқан үлесі ортақ екенін айтты. Байқоңырдағы өзара іс-қимылды одан әрі өркендету және Қазақстанның ғарыштық әлеуетін дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстар қарқынды жүріп жатыр деді Сергей Лавров.

Мирлан Алтынбек, Арман Ақшабаев

Сондай-ақ...