Елімізде тұрғын үй құрылысы қарқын алды

Елімізде тұрғын үй құрылысы қарқын алды

Жыл басынан бері «7-20-25» бағдарламасымен үй алуға 60 мыңға жуық адам өтініш жазған.

Қазір 308 млрд теңгеге 26 мың ипотека рәсімделді. Ал «Баспана хит» нарықтық бағдарламасы бойынша 451 млрд теңге болатын 50 мың несие берілген. Бағдарламаны қаржыландыру 600 млрд теңгеге дейін ұлғайтылып, ақша жыл аяғына дейін игеріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. Жалпы биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 2 млн 870 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген.