423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Көлік полицейлері Конго азаматшасына отанына оралуға көмек көрсетті

  • 343
  • UPD: 20:56, 12.04.2021
Көлік полицейлері Конго азаматшасына отанына оралуға көмек көрсетті

2016 жылғы 13 тамызда Бомбале Лолинго Раисса есімді Конго Демократиялық Республикасының 24 жастағы азаматшасы ЖШС-нің бірінің шақыртуымен Қазақстан Республикасына еңбек ету үшін визамен келді.

Аталған азаматша COVID-19 пандемия салдарынан жұмысынан айрылып, паспорты пен визасының қолданылу мерзімі аяқталып, ақша қаражатының болмауына байланысты, еліне орала алмаған.

Осылайша, ол орын алған қиын жағдайға байланысты Шымкент станциясындағы Желілік полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің полицейлеріне көмек көрсету туралы өтініш білдіреді.

Бұдан соң, еліміздің көлік полицейлері Алматы қаласында орналасқан көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйымның (ХКҰ) көмегімен оның құжаттарын ресімдеуге, сөйтіп оның отанына оралуы үшін әуе билетін сатып алуға көмек көрсетті.

Өз кезегінде Раисса барлық қол ұшын созған жандарға, атап айтқанда, тәртіп сақшыларына көрсеткен қолдаулары мен көмегі үшін зор алғысын білдірді.

 Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы