427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО волонтерлері қоқысты пана еткен бірқазандарды қолдан тамақтандырады

  • 134
  • UPD: 21:46, 12.04.2021
СҚО волонтерлері қоқысты пана еткен бірқазандарды қолдан тамақтандырады

Себебі өзен-көлдердегі мұз әлі ерімеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан қызыл кітапқа енген жабайы қанаттылар Аққайың ауданында орналасқан полигондардың бірін мекен етіп жүр. Тұрғындардан жиналған қаражатқа волонтерлар базардан 100 келіден астам балық сатып алды. Бірқазандар су маржандарымен ғана қоректенеді. Табиғат жанашырлары жойылып кетудің алдында тұрған құстарды бірнеше күн қамқорлыққа алады. 

Иван Зубань, орнитолог:

– Биыл көктем кеш келді. Сәйкесінше мұздың көбесі әлі сөгілген жоқ. Сондықтан бұл құстар қоқыс полигонын күзетіп жүр. Тек бір тәулікте тұрғындардан 100 мың теңгедей ақша жиналды. Қаражат әлі де түсіп жатыр. Жалпы бірқазан күніне бір келіге дейін балық тұтынады. Сондықтан акция аясында жиналған ақшаның барлығын осы іске жарататын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы