Маңғыстау облысы Қызылтөбе ауылында ауызсу тапшы

Соңғы тәулікте Маңғыстау облысының Қызылтөбе ауылдық округінде ауызсу тапшылығы байқалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, Мұнайлы ауданындағы тіршілік нәрі өзекті күйінде қалып отыр. Бұған халық санының қарқынды өсуі себеп. Жаз мезгілінде жасыл желекті суару үшін сұраныс тіптен арта түседі. Аудан халқы бір тәулікте 35-37 текше метр су тұтынады. «Каспий су тұщыту» зауытынан шығатын судың көлемі 6-8 текше метрден аспайды. Жергілікті әкімдік Қызылтөбе елді мекені орталықтандырылған су желісіне қосылып жатқанын хабарлады. Бұл жұмыстар қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

Тойгүл Жұбанысова, Мұнайлы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Мұнайлы ауданында қазір халықтың көптігіне байланысты ауызсу мәселесі бар. Су тапшы. Біздің ауданда Маңғыстау-жылу деп аталатын мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорын бар. Тұрғындар осы мекемеге келіп, келісімшарт жасасуы керек. Содан кейін халықтың 50-70 пайызы келісімшат жасағаннан кейін су құбыр арқылы беріледі. Жағдай тұрақталатын болады.