Н.Нығматулин: Ораза айы әрбір адамға рухани күш-жігер береді

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жақсылықтың жаршысы атанған Рамазан айының басталуымен барша қазақстандықтарды құттықтады.

«Барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы - кең пейілдің, береке-бірліктің және ізгіліктің, ынтымақ пен мейрімділіктің көрінісі. Шарапаты мен шапағаты мол ай халықты жанашыр болуға, қайымдылық жасап, бір-біріне көмектесуге шақырады. Осы берекесі мен бірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, барлық дұға-тілектеріңіз және ықыласпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын», - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы барлық қазақстандықтарды біріктіре түсетін осындай қасиетті айда әрбір азаматқа рухани күш-жігер, әрбір отбасына бақ-береке, амандық елімізге тыныштық және өркениет тіледі.

Сондай-ақ:

Қазақстанның әр аймағына арналған Ораза кестесі жарияланды

Рамазан айында кіші қажылыққа бару мүмкін бе?

Биыл елордада тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейді

Ауыз бекіткен адам вакцина салдыруына болады – ҚМДБ

Вакцина оразаны бұзбай ма? Биыл тарауық намазы оқыла ма? – ҚМДБ жауабы

Рамазан қарсаңында Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады