429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жол қызметінің 80 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

  • 239
  • UPD: 12:27, 13.04.2021
ШҚО-да жол қызметінің 80 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды Sputnik Казахстан

ШҚО-да жол қызметінің 80 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері жол қадағалау мамандары 450-ден астам тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша 80 жол қызметінің басшысы мен теміржол өткелдерінің 11 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұл сомасы 2 млн 600 мың теңгені құрады.

Бұл ретте үш лауазымды тұлғаға (оның екеуі өскемендіктерге) 131 265 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Қазіргі жағдайда тек әкімшілік шаралармен жол қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу мүмкін емес, – дейді полиция өкілдері. – Ол үшін жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейін арттыру қажет».

Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдардың қолдауы мен ШҚО ПД ұсыныстарының арқасында соңғы жылдары көшелер мен жолдарда бірқатар нысандар салынды. Олардың ішінде Өскеменде екі жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі бар. Сонымен қатар, бағдаршамдардың 19 сол жақ бұрылысы орнатылды, бұл солға бұрылуды айтарлықтай жеңілдетті. Сондай-ақ авариялық-қауіпті учаскелерде солға бұрылуға тыйым салатын белгілерді орнату бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы