Алматыға Мальдив аралдарынан келген адамнан вирус анықталды

Маледен Алматыға ұшып келген жолаушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Ал өткен тәулікте ел аумағына 34 халықаралық рейспен 3682 жолаушы келді. Солардың 21-інде коронавирус бар-жоғын айғақтайтын құжат болмаған. Нақтыласақ, ПТР анықтамасыз келгендердің 13- і Алматыда , бесеуі Нұр-Сұлтанда , үшеуі Түркістан әуежайында анықталды.

Қазір бұл азаматтар карантиндік стационарларда тест нәтижелерін күтіп отыр. Еске сала кетейік, жаңа қаулыға сәйкес, ертеңнен бастап ПТР анықтамасы жоқ кез келген азаматтың ұшаққа мінуіне тыйым салынады.