Түркістан облысының Сайрам ауданында тойхана ішінен спорт мектебі ашылды

Жергілікті кәсіпкер бұл нысанды өткен жылы тұрғызған. Алайда бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты жиын-той өткізуге шектеулер қойылған соң бос тұрған ғимаратты спорт мектебіне айналдырыпты.

Қазір «Достық» спорт мектебінде 200 бала спорттың бес түрі бойынша тегін жаттығады. Мұнда таэквондо, дзюдо, самбо, каратэ және гимнастика үйірмелері жұмыс істейді. Сегіз білікті бапкер балаларды спортқа баулиды. Спорт залдың іші заман талабына сай жасақталған. Екінші қабатында ересектерге арналған залы жұмыс істейді. Онда темір көтеретін жастарға арналған барлық құрал-жабдықтар орналастырылған.

Аудандық спорт бөлімі мамандарының айтуынша, салауатты өмір салтын ұстанатын ауыл жастары бос уақытын осында өткізеді. Ал спортқа қызығатын кішкентай балалардың қуанышы тіпті бөлек.

Нұрдәулет Шүкірбек, дзюдо үйірмесінің мүшесі:

- Дзюдо күресімен айналысамын. Қатысқаныма 7 ай болды. 2 жарысқа бардым. Біреуінде үшінші, екіншісінде екінші орын алдым. Спорт зал өзімі ұнайды. Сабақтан кейін осы жерге келіп, жаттығу жасаймын. Болашақта чемпион болғым келеді.

Орынбасар Өтепов, аудандық спорт бөлімінің бас маманы:

- Кәсіпкер Оразымбетов Өмірхан деген ағамыз тойхананы карантиндік талаптарға байланысты ауылдың балалары спортқа тартылсын деп мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке өзі ұсыныс беріп, жұмыс жасауда. Алдағы уақытта осы спорт залдан облыс, республикада және еліміздің намысын қорғайтын мықты спротшылар шығады деп ойлаймын.

Сондай-ақ...