429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыйлыққа көлік берілетініне уәде еткен алаяқтар қазақстандықтарды алдауда

  • 126
  • UPD: 14:39, 13.04.2021
Сыйлыққа көлік берілетініне уәде еткен алаяқтар қазақстандықтарды алдауда

WhatsApp мессенджерінде көлік компаниясының 100 жылдық мерейтойына орай автокөлік ұтысы өткізіліп жатқаны туралы жалған ақпарат тарады.

Шын мәнінде Toyota компаниясы қазіргі кезде Қазақстанда мұндай акция өткізіп жатқан жоқ. Оның Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ресми дилері ұтыс туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады stopfake.kz.

«Желіде Toyota брендінің 100 жылдығына орай сыйлықтар ойнатылатыны туралы жалған хабарламалар тарауда. Сіздерді алаяқтардың іс-әрекеттеріне берілмей, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. Қандай да болмасын акциялар, жүлделер ұтысы және т.б. арнайы бағдарламалар туралы ақпарат ресми ресурстарда жарияланады. Хабарламалар мессенджерлер арқылы таратылмайды», – деп хабарлады компанияның PR-қызметі.

Компанияның негізі 1937 жылы 28 тамызда қаланған. Демек, бренд 100 жылдығын тек 2037 жылы атап өтеді.

Көп жағдайда алаяқтар желідегі белсенділік үшін қымбат сыйлықтар беруге уәде етеді, бірақ іс жүзінде олар жеке деректерді ұрлауға тырысады. Кибер алаяқтықтың мұндай схемасы фишинг деп аталады.

Хабар 24 телеарнасы