Есік және Түрген шатқалдарынан құлаған тастар жолды жауып қалды

Сала мамандарының мәліметінше, қазір экологиялық бекеттен Есік көліне дейінгі аралықтың  4 шақырымы ғана ашық. Ал әрі қарай өтуге тыйым салынған.

Түргенге барар тас жолдың 15-шақырымына дейін көлікпен жетуге болады. Одан жоғарылап, сарқырамаға көтерілуге рұқсат жоқ. Өйткені асфальт жолдың бір бөлігі бүлінген. Жауаптылар туристердің қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауын сұрайды. Алдағы екі күнде тазалау жұмыстарын жүргізіп, көлік қозғалысын қалпына келтірмек.

Жанаргүл Ниетәлиева, «Іле Алатауы» МҰТП экологы:

- Еңбекшіқазақ ауданы әкіміне хат жолдадық. Хат жолдаманы әкімшілік бекітіп, сол жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екі-үш күнде жұмысын бітіреді. Содан кейін 15 болады, 15-інен кейін ашылуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ...