Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 4,5 мың адам вакцина салдырған

Елордада бір күнде 4 жарым мың адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Қауіпті дерттен осылайша қорғануды жөн көргендердің арасында  жиырмаға енді толған жастармен қата тоқсанға жеткен қариялар да бар.

Ал мамандар халықтың 60 проценті ковидке қарсы егілуі тиіс деген болжам айтып отыр. Осы ретте бас қалада 100-ден аса егу бөлімшесі таңғы 8-ден түңгі он екіге дейін жұмыс істеп тұрғанын айта кетейік.

Нұр-Сұлтанда халықты жаппай вакциналау кеше басталды. Азаматтар екпені тек емханаларда  емес, сауда ойын-сауық орталықтарында да салдыра алады.

Сондай-ақ...