429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісайда жүргізуші полицейді 30 метрге дейін көлігімен сүйреп кеткен

  • 129
  • UPD: 16:36, 13.04.2021
Жетісайда жүргізуші полицейді 30 метрге дейін көлігімен сүйреп кеткен

Жетісайда полицейдің заңды талабына бағынбай, оны 30 метрге дейін көлігімен сүйреп кеткен тұрғынға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады Polisia.kz.

Жетісай АПБ патрульдік полиция тобының инспекторы Ертау Саурамбаев әріптесімен бірге жолдарды патрульдеу кезінде автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізушіні тоқтатады. Полицейлер оның құжаттарын тексеріп, күңгірттеп алу заңға қайшы екенін түсіндіріп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырды. Осыдан соң полицей жүргізушіге терезесіндегі күңгірттелген пленканы алып тастауын сұрайды. Алайда заңды талапқа бағынғысы келмеген тұрғын қасында тұрған полицейге қарамастан, көлігін айдап, тәртіп сақшысын 30 метрге дейін сүйреп кеткен. Осылайша, болған оқиғаның барлығы полицейдің бейнежетонына түскен. Ал автокөлік сол мезетте айып тұрағына қойылды.

Бұл жайт бірден ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы