Қостанай облысында мемлекеттік қызметті цифрландыру деңгейі 92%-ке жетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері жұмыс сапарымен Қостанай облысына жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бірнеше кәсіпорын, мекеме және үкіметтік емес ұйым мүшелерімен, кәсіпкерлермен, жастармен кездесті. Әңгімеге арқау болған негізгі тақырып – түрлі саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Мағауия Қалиев, тілші:

- Қоғамда бармақ басты, көз қыстыға төзбеушілік қалыптастыру, ондай теріс пиғылды туғызатын себептерді жою. Осы бағытта Тобыл өңірінде атқарылған жұмыстар аз емес. Мысалы мемлекеттік қызметті цифрландыру денгейі Қостанай облысында 92%-ке жетті. Билік басындағылар халыққа біршама жақындай түскен.

Арман Әбенов, Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі:

- 103 мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларының кеңселері ғимараттың бірінші қабатына көшірілді. Қызметтік орындардағы олардың демалыс бөлмелері басқа қажетті мақсаттарға берілді.

Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету әділ және ашық екендігін тұтынушылар да растап отыр.

Динара Өтебаева, Арнайы мониторинг тобының басшысы:

- Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы «мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық кең етек алған» деген бәзбіреулердің сөзі шындыққа жанаспайтындығын айтады. «Қандай бір мәселені заңды жолмен шешуге болатындығын байқап отырмыз», дейді.

Кездесу барысында облысы әкімі Архиед Мұхамбетов мемлекеттік органдарға барынша жемқорлыққа қарсы күресті күшейту керектігін атап өтті. Өңір басшысы қысқа мермізде осы бағытта тиісті шараларды іске асыруды тапсырды. Ал басшылар ондай жағдайларды біліп, анықтап отыруға міндетті.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

- Әрине, жемқорлықты түп тамырымен жою мүмкін емес. Алайда жыл сайын қылмыстың мұндай түрін алдын ала анықтап, оны азайтуға пәрменді түрде жұмыс істеу қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері осы сапар барысында мекеме, кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, жеке азаматтарды қабылдады. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірленді.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг