Алматы қаласында жылыту маусымы аяқталды.
«Алматы қаласында ауа температурасы тәуліктегі орташа тұрақты +8º С градусқа жеткендіктен қалалық әкімдік 2020-2021 жж. жылыту маусымын 13 сәуірден бастап аяқтау туралы шешім қабылдады»,-деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Жылыту маусымының аяқталуына байланысты «Алматы жылыту жүйесі» ЖШС жылу энергиясына төленетін төлемді қайта есептейді.Тұтынушылар қаржысын қайта есептеу және қайтарып беру биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асады.