Кинотеатрлар мен банкет залдары қайта ашылады

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды көбейту мақсатында бірнеше нысанды жобаға енгізуге рұқсат етіледі.

– бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап:

  • кинотеатрлар;
  • театрлар және филармониялар;
  • банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
  • ерікті қатысушылар;

– екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:

  • облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;

– үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:

1) караоке;

2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).