2020 жылы елімізде тұрғын үй 17%-ке көп салынды

2020 жылы елімізде 15,3 млн шаршы метр баспана салынды.

140 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 113,1% артты (514 млрд теңгеге орындалды).

Маңғыстау облысынан өзге 16 өңірде құрылыс саласында өсім болды.

Құрылыс компанияларының кәсіпкерлік белсенділігін қамтамасыз ететін және халықты жұмыспен қамтуды ынталандыратын дағдарысқа қарсы шаралар салаға серпін берді.