425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жер туралы заң Сенат қарауына кетті

  • 347
  • UPD: 14:00, 14.04.2021
Жер туралы заң Сенат қарауына кетті

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктер мен шетелдің қатысы бар кәсіпорындарға сатуға және жалға беруге тыйым салатын заңды Мәжіліс екінші оқылымда мақұлдап, Сенат қарауына жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл заңды әзірлеуді ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Мемлекет басшысы тапсырған болатын. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының 3 отырысы, аграрлық мәселелер комитетінің 2 кеңейтілген отырысы өтті. Яғни түрлі деңгейде талқыланып жатыр. Заң қабылданғаннан кейін шетелдіктердің жерді сатып немесе жалға алуына қатысты мәселеге нүкте қойылады.

Хабар 24 телеарнасы