«Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге бөлінді

Қазір өтінім беру басталды. Былтыр еліміз бойынша 5 мыңнан астам азамат «Отбасы банк» арқылы баспаналы болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл рекордтық көрсеткіш дейді сала өкілдері. Әрбір бесінші несие «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында берілген. Ұзын саны 10 мың 759 пәтер кілті табысталды. Осы жылдың үш айында 3700-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл аталаған бағдарламамен 5000 отбасы баспаналы болуы тиіс.

Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы:

– Биыл осы «Бақытты отбасы» бағдарламасына 50 млрд теңге келіп түсті. Енді өтініштерді онлайн қабылдауды бастадық.