Отандық вакцина салдырғаннан кейін антидене қанша уақыт сақталады – маман жауабы

ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья отандық вакцина салдырған адамда ковидке қарсы антидене қанша уақыт сақталатынын айтты.

Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Маманның сөзіне қарағанда, ғалымдар вакцинаны салдырған уақыттан бері тғыз ай өтсе де, иммундық жауап жоғары болып тұр. Бірақ нақты нәтиже тек клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталғаннан кейін белгілі болады. 

«Спутник-V-ге қатысты зерттеу бір жылдан бері зерттеу жүріп жатыр. Сондықтан бұл вакцинадан соң антидене нақты қанша уақыт сақталатынын айту қиын. Ал қазақстандық вакцина туралы толық ақпаратты клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталғаннан кейін айта аламыз. Дегенмен ғалымдар өздері вакцина салдырғалы бері тоғыз ай өтті. Сол уақыт аралығында иммундық жауап жоғары болып тұр», – деді ол.

Сондай-ақ...