429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық әуе рейстерімен қатынаушы азаматтар ПТР анықтамасыз ұшаққа отырғызылмайды

  • 115
  • UPD: 15:33, 14.04.2021
Халықаралық әуе рейстерімен қатынаушы азаматтар ПТР анықтамасыз ұшаққа отырғызылмайды

Енді халықаралық әуе рейстерімен қатынаушы азаматтар ПТР анықтамасы болмаса әуе бортына мінгізілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың осы орайда шығарған жаңа қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді. Бұл талап шетелге барушыға да, келушіге де ортақ.

Алмас Сәдуақас, тілші:

– Шетелден келіп жатқан отандастарымыз бен өзге елдің азаматтарында коронавирус инфекциясының бар-жоқтығы туралы полимеразды тізбектеу реакциясы, қысқа айтқанда ПТР сынамасы болу керек. Сонымен қатар бұл талап шетелге демалуға немесе жұмыс бабымен бара жатқан азаматтарға да ортақ. Алайда бұған дейін сырттан келушілер тестіден мемлекет есебінен өткен болса, бұл жолы сынамаға ақшаны өздері төлейді. Бүгін түске дейін Алматыға бірнеше халықаралық әуе рейсі келді. Ал жаңа ғана Өзбекстан астанасы Ташкенттен ұшақ келіп қонды. Біз әуежайдағы санитарлық тазалық жағдайы тиісті деңгейде орындалып жатқанын айта кетейік.

Хабар 24 телеарнасы