429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

  • 115
  • UPD: 15:31, 14.04.2021
Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Алматыдағы ұшақ апатынан ауыр жарақат алған екі азамат әлі де жансақтау бөлімінде ем алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық нөмірі 4-ші клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков мәлімдеді. «Зардап шеккендердің бірі қазір орташа ауыр халде, ал екінші әскери қызметкердің жағдайы тұрақты ауыр күйде», - дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ екі азаматтың бірінде комбустиологтар күйік жарақаттарын емдесе, екінші науқасты аутодермопластикалық операцияға дайындап жатыр. Яғни терең жарақаттардың бетін сау терімен жабудың бірінші кезеңі сәтті өткен.

Естеріңізге салайық, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы АН-24 әскери ұшағы Алматы әуежайының ұшу-қону жолағына жетпей апатқа ұшырап, өртке оранған еді. Борттағы 4 адам оқиға орнында қаза болса, екі азамат ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы