Солтүстік Қазақстан облысында алты жол аумағын су басты

Солтүстік Қазақстан облысында 6 жол аумағын су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төртеуінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылында қырдан келген қатты ағыс осыдан екі жыл бұрын салынған бөгет пен құбырды бұзып кеткен. Әзірге үйлер аман. Бірақ қазір ауылдарды еріген қар суы әбігерге салып жатыр. Сергеев су қоймасындағы жағдай қалыпты. Бөгет үстімен Есілге ағып жатқан судың деңгейі 54 сантиметр шамасында.

Рамиль Камалов, облыстық ТЖД басшысы:

– Қазір Есіл, Тимирязев және Шал ақын аудандарында қар көп. Бүгін Тимирязевоға құтқару жасағын жібердік. Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыс бойынша су басқан үй жоқ. Жағдай бақылауда.

Сондай-ақ...