429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды

  • 104
  • UPD: 16:18, 14.04.2021
Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды

Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

«14 сәуірде сағат 14:15 уақытында Қарағанды – Сортировочная стансасының желілік полиция бөліміне вокзалға кіре берістен қараусыз жатқан қорап табылғаны туралы хабарлама түсті. Осы ақпаратты алғаннан кейін желілік полиция қызметкерлері теміржол станциясының іргелес аумағын қоршауға алды. Жедел әрекет ету қызметтері хабардар етілді», - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Ғимараттан 60 адам эвакуацияланды.

«Тексеру жүргізіліп жатыр. Басқа ақпаратты қосымша хабарлайтын боламыз», - деп атап өтті полициядағылар.

Хабар 24 телеарнасы