429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысына 5 мың доза вакцина жеткізілді

  • 112
  • UPD: 22:52, 14.04.2021

Қызылорда облысына коронавируске қарсы вакцинаның 5 мың дозалық партиясы жекізілді.

Қазір «Спутник V» препаратын емдеу мекемелеріне бөлу шаралары жүргізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 13 мыңнан аса қызылордалық екпе салдырған. Вакцина алуға ниет білдіргендер көбейіп келеді. Қазір жұмыс істеп тұрған 16 бекеттен бөлек ірі сауда нысандарында тағы 5 вакцина егу орталығын ашу жоспарда тұр. Эпидемиологиялық ахуал бойынша «сары аймақтағы» Қызылорда облысында соңғы тәулікте 32 тұрғыннан COVID-19 анықталды. Жұқпалы аурулар ауруханасында 217 науқас бар. Оның 11-і жансақтау бөлімінде жатыр. 

Жангелді Шайымбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- 5 мың дозаның 4400-і облыс аудандарына жеткізіледі. Қармақшы ауданына 300, Арал, Қазалы аудандарына мың дозадан, Байқоңыр қаласына 200, Жалағаш пен Сырдария аудандарына 200 дозадан. Ал Шиелі және Жаңақорған аудандарына мың дозадан баратын болады.

Хабар 24 телеарнасы