14 сәуірде Алматыға шетелден ұшып келген ешбір адамға ковид жұқпаған

Алматыға халықаралық әуе рейстерімен екі мыңға жуық жолаушы ұшып келді.

«Барлығының ПТР тест нәтижелері теріс» дейді жауапты мамандар. Еліміздің Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, анықтамасы жоқ азаматтар әуе бортына мінгізілмейді. Ереже бүгін түнгі он екіден бастап күшіне енді. Бұл талап шетелге барушыға да, келушіге де ортақ. Бұған дейін сырттан келушілер тестіден мемлекет есебінен өткен болса, бұл жолы сынамаға ақшаны өздері төлейді. Бүгін Алматыға Түркия, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері мен көрші елдерден бірнеше әуе рейстері келіп қонды.

Мамандардың айтуынша, қазір туристік маусым басталғандықтан жолаушылар легі артып жатыр. ПТР тестілерін тапсырудан еш қиындық жоқ. Себебі саяхат ұйымдастырушы фирмалар сынаманы сапар есібіне кіргізген. 

Рысты Мейірманова, Алматы халықаралық әуежайы санитарлық карантин бөлімінің басшысы:

- Он үш әуе кемесі келіп қонды. Оның ішінде 1864 пассажир болды. Барлығында ПТР тестілер болды. Бәрінікі теріс. 

Марат Болысбекұлы, жолаушы:

- Міндетті түрде тапсыру керек. Бір-бірімізді сақтауымыз керек. Ал енді қаржы жағы ойлаймын шетелге демалысқа баратын, демалысқа тапқан адам ол ПЦР аса қымбат емес қой.