ТШО қызметкерлерінің вакцинадан бас тартып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Теңізшевройл өз қызметкерлерінің вирусқа қарсы екпе алудан бас тартып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Мұнай өндіру кәсіпорнындағылар «барлық өндірістік процесс қалыпты жағдайда жүргізіліп жатыр» деп хабарлады. Қазіргі уақытта ол жаққа препараттың 4 мыңға жуық дозасы жеткізілді. Мыңнан астам қызметкер вакцина салдырды.

Ырзабек Артығалиев, «Теңізшевройл» ЖШС Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері:

- Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бастығы Байдуәлиев мырзаны шақырттық. Сол келіп барлық түсіндірмені айтып берді. Сонымен қатар экспертті шақырып барлығына түсіндірдік. Ол вакцинациядан өзім өттім. Екі күнде алып болдым. Ештеңені сезген жоқпын. Тұрмын алдарыңда.

Ал бұдан бұрын Қазақстанның мұнай-сервис компаниялары одағының президиум төрағасы Рашид Жақсылықов арнамызға берген өз сұхбатында «мұнайшылардың 90 проценті екпе алудан бас тартып жатыр» деп хабарлаған еді.

Жақсылықовтың айтуынша, вакцина салдырмау себептерінің бірі - оқшаулануға жұмсалған қосымша уақыттың үстемақы төлеу кезінде ескерілмеуі.

Қазақстандық мұнайшылардың 90% вакцинадан бас тартты

Сондай-ақ...