Ақмола облысында «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі ашылды

Ақмола облысында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Мекеме тәртіп сақшылары мен халықтың етене жақын жұмыс істеуіне арналған.

Кеңседе заңды және жеке тұлғаларға кеңес беріледі. Мамандары жемқорлықтың алдын алуға атсалысады.

«Адалдық алаңы» аясында қоғамдық қабылдау да ұйымдастырылады. Тұрғындар қоғамның қандай да бір саласында сыбайластық әрекетін байқаса, сонда жүгінуге болады.