429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында «Үміт бесігі» жобасы жүзеге асырыла бастады

  • 152
  • UPD: 23:27, 14.04.2021

Алматы облысы Қарасай ауданындағы көпсалалы ауруханасында «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасы іске асырыла бастады.

Енді онда орнатылған байланыс орталығына қиын жағдайға душар болған болашақ аналар хабарласып, мамандардың кеңесіне жүгіне алады. Жобаны ұйымдастырушылар қыз-келіншектерге психологиялық және профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы тастанды балалар санын азайтуды көздейді. Орталыққа хабарласқандардың аты-жөні жарияланбайды. Мұндай байланыс орталығы былтыр Еңбекшіқазақ ауданындағы ауруханада ашылған еді.  

Рифат Әбіров, ана мен бала орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Ауруханамыз осы жобаны қолдайды. Сәбилер далада қалмасын деп, жақсы ем қабылдасын деп ұйымдастырылып жатыр. Көшеде тастанды болғаннан біздің қолымызға түссе, өмірін сақтап қалуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы