ШҚО-да жеті адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінді

Шығыс Қазақстанда кене оянды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін қансорғыш шағып алған жеті адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың біреуі Зайсан ауданының тұрғыны, қалғаны Өскемендік. Жалпы кене шағу жағдайы биыл күн райына байланысты өңірде әдеттегіден кешірек басталды. Дегенмен, бұл қатер азайды дегенді білдірмейді. Сондықтан эпидемиологтар жұртты аса сақ болуға шақырады. Өйткені кененің ең белсенді әрі қауіпті болатын кезі мамыр-маусым айлары. Қансорғыштар әсіресе, Қатонқарағай, Алтай, Көкпекті, Шемонаиха аудандарында жиі кездеседі. Қазір медициналық орындар кене энцефалитіне қарсы екпемен қамтамасыз етілген.

Бағлан Тауанова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен  байланыс жөніндегі бас маманы:

- Кене шағу маусымы басталғалы бері иммуноглобалин препаратын кене шағудан зардап шеккен екі адам алды. Қалғандары медициналық көмекке кеш жүгінгендіктен, бұл препаратты алған жоқ. Сондай-ақ эндомиялық аумақтағы медициналық ұйымдарда кене энцефалитінің алдын алуға қолданылатын иммуноглуболин препараттары қоры жеткілікті.

Сондай-ақ...