429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында қылмыстық топ мемлекетке 500 млн теңге залал келтірді

  • 114
  • UPD: 11:37, 15.04.2021
Павлодар облысында қылмыстық топ мемлекетке 500 млн теңге залал келтірді Ак Жайык

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді.

Павлодар облысында 4 жылдан астам «өзара есеп айырысу» туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазып берумен айналысқан қылмыстық топтың қызметінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің деректері бойынша, ҰҚТ контрагент кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен. Нәтижесінде мемлекетке 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Павлодар қалалық сотының үкімімен күдіктілер жалған шот-фактураларды жазу бойынша іс-әрекеттер жасауда кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан, 5 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы