429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да үш жолды су басып, көлік қозғалысына шектеу қойылды

  • 93
  • UPD: 12:18, 15.04.2021
СҚО-да үш жолды су басып, көлік қозғалысына шектеу қойылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі 119 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Есіл өзенінің бойындағы 18 елді мекен  бақылауда. Өңірде әлі де мұздың көбесі сөгілген жоқ. Қауіп еріген қар суынан төніп тұр. Қырдан келген топан су 3 жолды басып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Оңтүстік аудандарда құтқару жасақтары жұмыс істеп жатыр. Ал, Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жіберіліп жатқан судың мөлшері едәуір азайған.

Хабар 24 телеарнасы