Оңтүстік Корея музейіне Қазақстан туралы баяндайтын маркалар қойылды

Дипломаттарымыз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркаларды Оңтүстік Кореядағы музейге табыс етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таң тазалығы еліндегі маркаларға арналған жалғыз мұражайда Қазақстан бұрышы ашылды. Мұнда Кореяда 1884 жылдан бері шығарылған маркалардың бәрі жиналған. Қазір жұрт қағаз хатты сирек жазады. Дегенмен, бұл елде жылына 50 мыңдай марка шығады.

На Сан ГУК, Маркалар мұражайының директоры:

- Қазақстан елшілігі сыйлаған маркалар мұражайымызда ұқыпты сақталады. Тұрғындарымызды мүмкіндігінше көбірек еліңіз туралы мәліметтермен таныстыруға тырысамын. Корея тәуелсіздігі үшін күрескен Хон Бом До Қазақстанда дүние озғанын білемін. Егемендік үшін күрестің біз үшін маңызы зор. Жол түссе, Қазақстанға бармақ ниетім бар.